Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

2025 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік аудиторлар 355 млрд теңгеге заңбұзушылықтарды анықтады

88



2025 жылдың бірінші тоқсанында Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) бақылауды күшейту бағытын жалғастырды. Ведомствоның хабарлауынша, осы кезеңде 24 нысанда төрт аудиттік іс-шара жүргізіліп, 5,9 трлн теңге көлеміндегі қаражат қамтылған. Анықталған заңбұзушылықтар 355 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:
қаржылық заңбұзушылықтар – 3,3 млрд теңге,
мемлекеттік қаражат пен ресурстарды тиімсіз пайдалану – 287,6 млрд теңге,
жоспарлау кемшіліктері – 64,6 млрд теңге.

Берілген ақпаратқа сәйкес, 3,3 млрд теңге қалпына келтірілуі тиіс сомалар ретінде белгіленген, оның 1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылып үлгерді.

ЖАП мәліметінше, Үкіметке 32 ұсыныс, ал тексерілген нысандарға 159 тапсырма жолданған. Бұл тапсырмалардың орындалуы ЖАП тарапынан толық аяқталғанға дейін бақылауда болады.

Жалпы, 2025 жылы 30-ға жуық аудиттік іс-шараны аяқтау жоспарланып отыр. Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит саласында стратегиялық әрі тәуекелге бағытталған тәсілді күшейту жұмысын жалғастырып келеді.

«2024 жылдың қорытындылары көрсеткендей, сапалы бақылау — бұл тек қана міндетті қадағалау емес, бюджет қаражатын қайтарудың, заңбұзушылықтардың алдын алудың және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың нақты тетігі болып табылады», – деп қосты ЖАП.