ы
Қазақстандықтардың жалақысы номиналдық деңгейден төмен болып отырғандар саны артты. 2024 жылы елдегі жалдамалы жұмысшылардың 70%-дан астамы ресми орташа жалақы – 403 мың теңгеден аз табыс табуда. Өткен жылы бұл көрсеткіш 69,2% болған.
3,4 миллион жұмысшының арасында шамамен 2,4 миллион адам 403 мың теңгеден төмен жалақы алады. Олардың ішінде 1,5 миллионнан астамы айына 250 мың теңгеден төмен жалақы алады.
1 миллион теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі бар болғаны 3,3%-ды құрайды. Олардың саны 112 мыңнан сәл ғана асады. Негізінен бұл қаржы, сақтандыру саласы және IT секторындағы қызметкерлер.