Munarmedia.kz-26.11.2026ж/Астана/-23 қарашада Қандыағаш – Шалқар тасжолында, Жұрын ауылы маңында Renault автокөлігі жолдан шығып, аударылған. Көлік жүргізіп келе жатқан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Қаза тапқан әйел Мұғалжар аудандық ауруханасының оториноларинголог дәрігері Назгүл Қантүренова екені анықталды. Жол апатына байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Кейін дәрігердің 21 жастағы ұлы Расул Бақтыбайдың да қайтыс болғаны белгілі болды. Полицияның мәліметінше, ол жол апаты кезінде көлікте болмаған. Анасының қазасынан кейін өзіне қол жұмсаған.

#Актөбе #жолапаты #қайғылыжағдай #Munarmedia