Munarmedia.kz-26.11.2026ж/Астана/-26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 03:44-те түскен. Өрт сөндірушілер төрт минуттан кейін жеткенімен, үйді жалын толық шарпыған.

Өрт сөндіруге 35-ке жуық құтқарушы мен тоғыз техника жұмылдырылды. Жалын сағат 04:42-де толық сөндірілді.

Өрттен кейін үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Қаза болғандардың арасында кәмелетке толмаған бала бар.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу өрттің шығу себебі мен адам өліміне әкелген жағдайларды анықтап жатыр.

#Алматы #өрт #қайғылыжағдай #Munarmedia