ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтық несиелерді есептен шығарудың заңнамалық негіздерін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
МӘН-ЖАЙЫ
Жаңа тәртіпке сәйкес, төмендегідей талаптар сақталмаған жағдайда несиелерді есептен шығару қарастырылады:
- кейбір санаттағы қарыз алушылардың онлайн несие алуға жеке келісімі болмауы;
- "суыту кезеңін" қолдану; (қарыз алушы 30 күн ішінде тұтынушылық несие шартын рәсімдеу кезінде келіскен кез келген қосымша қызметтерден бас тарта алатын мерзім)
- клиенттің биометриялық сәйкестендіруден өтуі;
- онлайн несие рәсімдеу кезінде қаржы ұйымдарының ақпараттық және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету.
БҮГІНГІ ЖАҒДАЙ
Ал қазіргі таңда несие берушілер несиелерді клиенттің өз еркімен бас тартуы немесе алаяқтықпен рәсімделген несие фактісін сот шешімімен растау негізінде ғана есептен шығарады.