Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба – 900 бас сүт тұқымды қара малға арналған жаңа сүт-тауар фермасының құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны – 8,3 млрд теңге, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.Қазіргі уақытта инженерлік желілерді, электр қуатын, кәріз тарту жұмыстары аяқталды. Екі өндірістік базаның құрылысы жүріп жатыр.
«Еңбек» ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен жалпы сомасы 160 млн теңгеге биоқалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату бойынша биокешен орнатылды.
Осы жылдың маусым айында Даниядан ірі қара малдың бірінші партиясы – 272 бас қара ала голштин тұқымы әкелінді. Екінші партияны 2024 жылдың 4 тоқсанында жеткізу жоспарлануда. Ферманың тиімді жұмыс істеуі үшін неміс өндірісінің жоғары технологиялық жабдықтары сатып алынды.
Ферма органикалық сүт өндіруге бағытталып, жоғары деңгейлі автоматтандырумен және процестерді роботтандырумен жабдықталатын болады. Ферманы биыл іске қосу жоспарлануда.
Анықтама үшін: Жобаны қаржыландыру көздері: «СПК «Көкше» АҚ - 3,1 млрд теңге сомасында жеңілдетілген несие, «Еңбек» ЖШС-нің жеке қаражаты – 5,2 млрд теңге.