Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Астанада елорда әкімдігінің мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды.

26

Ол 2016 жылы Күн фонтанының құрылысы кезінде ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

Нысанның ашылуы елорданың және Елбасының туған күніне орайластырылды. Алайда 2017 жылдан бері субұрқақ жарамсыз күйде.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, бұл жоба салық төлеушілерге миллиард теңгеден астам шығын әкелсе, мәдениет бөлімі оны мемлекеттік сатып алусыз салып үлгерсе, субұрқақтың жобалық-сметалық құжаты жоқ, мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Кейінірек анықталғандай, «Күн» сапасыз материалдардан жасалған, сондықтан ол тез істен шықты.

Тергеуді жүргізіп жатқан AФM мәліметінше, бұған сол кездегі Астана Мәдениет басқармасының бастығының тікелей қатысы бар.
Тергеу аясында Болат Мажағұловтың үстінен 3 коммерциялық үй-жайға, 2 автотұраққа және премиум-класс ғимаратындағы пәтерге бұғат салынған.
Іс бойынша басқа да күдіктілер бар - бұл субұрқақты салған мердігер компаниялардың өкілдері. Олардың жалпы сомасы 500 миллион теңгеден астам мүлкі тәркіленді.