Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Бағаның күрт өсуіне жол бермейміз» – Бектенов жанар-жағармай бағасының өсімі туралы айтты

64


Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Бектенов жанар-жағармай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, жанар-жағармай, газ, коммуналдық қызметтер мен теміржол тасымалы бағасын кезең-кезеңімен ырықтандыру тұтынушыларға әсер етеді.

«Нарықтық баға белгілеуге біртіндеп көшу бұл салаларға қажетті инвестиция тартуға және жанар-жағармай тапшылығы қаупінен арылуға мүмкіндік береді. Бірақ бағаның күрт шарықтауына жол бермейміз», – деді премьер-министр.