Президент қатысқан кеңейтілген Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру қажеттігін мәлімдеді. Ал Вице-премьер Серік Жұманғарин ҚҚС есебіне қою шегін төмендету керектігін қосты.
ҚҚС өсімі экономикаға қалай әсер етеді?
Заңгер және блогер Ержан Есімханов бұл бастамаға қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, ҚҚС-ты 12%-дан 20%-ға дейін көтеру, ал тіркеу шегін 78 млн-нан 15 млн теңгеге дейін төмендету ел экономикасына ауыр соққы болады.
«Бұл екі идея да – қате. Оларды не бизнес, не кәсіби салық мамандары қолдамайды. Бұл барша қазақстандықтардың қалтасына соққы болады, тіпті ҚҚС-тың не екенін білмейтіндерге де әсер етеді», – деп жазды заңгер өзінің Facebook парақшасында.
Баға шарықтайды, бизнес қиналады
ҚҚС-ты 8%-ға арттыру барлық импорттық тауардың қымбаттауына әкеледі. Бұл Қазақстан нарығы үшін өте маңызды, өйткені елде киімнен бастап смартфонға дейінгі өнімдердің басым бөлігі – импорт.
«Қазір сіз 12% төлеп жүрсіз, енді 20% төлейтін боласыз. Егер мұндай ақшаңыз болмаса – банкке барып несие аласыз. Ал ақшаңыз болса да, оның өзін инвестициялауға болады. Бизнес үшін бұл – қосымша шығын. Демек, бизнес оны тауар бағасына қосады. Сондықтан импорт 8%-ға емес, одан да жоғары қымбаттайды. Ақырында, бәрін халық төлейді», – дейді Есімханов.
Не күтеміз?
▪️ Бағалар жаппай өседі
▪️ Табыс жасыру көбейеді
📷 Фото: спикердің Instagram парақшасынан