Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Былтыр бюджетке 12 рет түзету енгізілген.

45



Мұндай бұрын-соңды болмаған. Мәселен 2020 жылы Covid кезінде 5 рет, 2021-2022 жылдары 9 рет, 2023 жылы 7 рет өзгеріс енгізілген. Демек «жоспарлау сапасы төмен» деген тоқтам жасауға болады. Осылай деген Мәжілістегілер Үкімет мүшелері мен Жоғары аудит палатасын шақырып дәл қазір өткен жылдың есебін алып жатыр. Өйткені себеп көп.

⏺

Біріншіден, бюджет дефициті. Жылдан жылға өсіп жатыр. Ұлттық қорға қол салып отырмыз.

⏺

Екіншіден, мемлекеттік қарыз мөлшері ұлғаюда.  

⏺

Үшіншіден, тиімсіз пайдаланылған қаражат көлемі жоғары деңгейде қалып отыр. Жоғары аудиторлық палатаның деректері бойынша 2024 жылы тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтер көлемі 2 есеге өсті (2023 жылы – 250,2 млрд теңге, 2024 жылы – 475 млрд теңге).

⏺

Казимемлекеттік сектор қызметінде бюджетке тәуелді болу, айтарлықтай борыштық міндеттемелер сияқты проблемалар үнемі орын алуда.

⏺

Бюджеттің игерілмеуі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 92 млрд теңге игерілмеген. Осы жылы Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Көлік министрліктерінде игерілмеген қаржы көлемі жоғары болды, олардың әрқайсысы 20 млрд теңгедей игермеген.