Еуроодақ қытай электромобильдеріне жаңа баж салығын салуда
Себебі Брюссель Еуроодақтың автокөлік өндірісін қорғау шараларына жауап береді. Жаңа тарифтер 17,4% ден 37,6% көтеріледі. Демек, Қытайда өндірілетін электромобильдерге салықты 10% жуық көтерілді дегенді білдіреді.
Бұл шара әлемдегі электромобильдердің бағасының өсуіне әкеледі. Вашингтонмен сауда бәсекелесі ретінде саналып отырған Бейжің үшін де оңай тимесі анық. Еуроодақ сарапшыларының айтуынша, арзан бағадағы электромобильдер шығару арқылы Қытай әлемдік автоөндірістің құлдырауына жол береді. Сондықтан да қытайлық электромобиль өндірісінің құны да еуропадағы өндірушілермен сәйкес болғаны жөн деп есептейді.
Брюссель Transport and Environment (T&E) экологиялық тобының мәліметіне сүйенсек, ЕО аумағындағы қытай электромобильдерінің саны 0,4% өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға жеткен. Еуропалық комиссия қытайда өндірілетін SAIC, BYD және Geely автокөліктеріне салық жүктемесін көбейтуді көздеп отыр.