Munarmedia.kz. 28.06.2025 /Астана/-Сенат Алматы мен Астанадағы автокөліктерді эвакуациялау және айыптұрақта сақтау қызметтерін ақылы етуге мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады. Енді мәслихаттар тарифтерді өздері бекітіп, эвакуациялау ережелерін жаза алады.
Бірақ эвакуацияның ақылы болуы — тәртіп пен қауіпсіздік емес, бұл табысты бизнеске айналады деген алаңдаушылық бар. Ресей тәжірибесі көрсеткендей, мұндай салада байлыққа кенелген адамдардың айналасында жемқорлық тәуекелі жоғары. Автоны заң бұзған-бұзбағанына қарамай алып кетіп, көлік иесі өз құқығын дәлелдей алмай қиналатын жағдайлар көп.
Кейде эвакуация расымен қажет, бірақ көбінесе бұл қарапайым жүргізушілердің қалтасына қол сұғу тәсіліне айналып кетуі мүмкін.