Munarmedia.kz-25.11.2026ж/Астана/-Германияның Дортмунд қаласына жақын Шверте шаһарында бетперде киген белгісіз адам «Жасылдар» партиясының кеңсесіне басып кірген. Оқиға кезінде партия фракциясының депутаттары жиналыс өткізіп жатқан. BILD басылымының хабарлауынша, үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Шабуыл кеше кешкі уақытта болған. Ғимарат ішінде оннан астам адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам өзімен бірге шағын өрт сөндіргіш алып келген. Алайда адамдардың нақты қалай жарақат алғаны әзірге белгісіз.

Оқиғадан кейін күдікті бой тасалаған. Полиция оны іздестіріп жатыр. Қылмыс орнынан шабуылдаушыға тиесілі болуы мүмкін өрт сөндіргіш табылған.

Оқиғаның саяси астары болуы ықтимал болғандықтан, тергеу мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстармен айналысатын полиция бөлімшесіне тапсырылды.

Құқық қорғау органдары шабуылдың мән-жайы мен зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге толық ақпарат берген жоқ.

#Munarmedia #Германия #ЖасылдарПартиясы #Шабуыл #Саясат