Munarmedia.kz-25.11.2026ж/Астана/-

Германияның ХДС/ХСС парламенттік фракциясы төрағасының орынбасары Норберт Рёттген Владимир Путин соғысты тоқтатуға ниетті емес, керісінше алдағы қыс мезгілінде Украинадағы азаматтық инфрақұрылымға соққыны күшейтуді көздейді деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей Украина мен оның астанасын өмір сүруге жарамсыз ету мақсатын жалғастырып отыр. Рёттген бұл туралы Caren Miosga ток-шоуында айтты.

Неміс саясаткері Мәскеудің бейбіт келіссөздер туралы мәлімдемелерін әскери стратегияның бір бөлігі деп санайды. Оның пікірінше, Путин аумақтық және саяси талаптарынан бас тартқанын көрсететін ешқандай белгі жоқ.

Саясаттанушы Сабине Фишер де Абу-Дабидегі келіссөздер барысында Ресей президентінің талаптары бұрынғыдан да кеңейгенін айтты. Рёттген Кремльдің түпкі мақсаты Шығыс Еуропада Ресей үстемдігін орнату екенін атап өтті.

Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба АҚШ президенті Дональд Трамптың Путинге қатысты ұстанымы жұмсақ болғанымен, америкалық саяси элита мен Конгресстің Ресейге көзқарасы өзгеше екенін айтты. Оның болжамынша, Трамп Путинмен жақындасуға тырысқанымен, АҚШ Конгресі мен Республикалық партияның өз ішінде оған қарсылық күшейе түсуі мүмкін.

#Munarmedia #Украина #Ресей #Соғыс #Еуропа #Саясат