Миллиардер мәміленің Kaspi компаниясына "қатысы жоқ" деп хабарлады.
"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға өтініш бердім. Қазір оны агенттік қарап жатыр. Агенттік өтінішті егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды деп отыр" деп жазылған Кимнің 13 ақпанда тараған мәлімдемесінде.
Jusan Bank акцияларының бақылау пакеті қазір банкир Ғалымжан Есеновке тиесілі.
Есенов – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын топтың арасында болған Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласы.

2023 жылы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сүйеніп, Ким Jusan төңірегіндегі дауды шешуге көмектесу үшін қаржылай қолдау көрсеткен деп жазған еді. Құпия дереккөздер Қазақстан билігі Kaspi төрағасы Вячеслав Кимнен First Heartland Jusan Bank-тің иесін ауыстыруға мүмкіндік беретін процедураға қаржы бөлуді сұраған деген.