Munarmedia.kz 29.10.2025 / Астана Халықаралық санкциялар мен шектеулер енгізілген жағдайда, ресейлік «Лукойл» компаниясы Қазақстандағы өз активтерін сатуға ниетті екенін ресми хабарлады. Компания мәлімдемесінде:
«Кейбір мемлекеттердің компания мен оның еншілес ұйымдарына қатысты шектеу шараларын енгізуіне байланысты, біз шетелдік активтерімізді сатуды жоспарлап отырмыз. Потенциалды сатып алушылардан өтінімдер қабылдау басталды. Активтерді сату OFAC лицензиясына сәйкес жүргізіледі. Қажет болған жағдайда компания өз шетелдік активтерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін лицензия мерзімін ұзарту өтінімін беруге дайын», — делінген хабарламада.
Қазақстандағы қатысуы қандай?
«Лукойл» елімізде бірнеше ірі мұнай-газ жобалары мен объектілерге үлеске ие.
-
Каламкас-Море, Хазар және Ауэзов жобаларында Каспий теңізінде компания 50% үлеске ие. Сауда мәмілесі шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды.
-
«Аль-Фараби» жобасында «Лукойлдың» үлесі — 49,9%.
-
Құрлықтағы өндірістік жобаларда: Теңіз жобасында 5%, Қарашығанақ жобасында 13,5% үлесі бар.
-
Сонымен қатар, «Лукойл» Қазақстан мұнайын экспорттауды қамтамасыз ететін Каспий құбыр консорциумының серіктесі болып табылады.
Компанияның бұл шешімі Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакеті енгізілген жағдайда активтерін қорғау және нарықтағы тұрақтылығын сақтау мақсатында қабылданған.