Made in Shymkent: Шымкентте VOLTREX мотор майларын шығаратын зауыт салынып жатыр

23

Munarmedia.kz 24.01.2026 /Астана/ Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ірі импортты алмастыруға бағытталған жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, жылдық қуаты 50 мың тоннаға дейін жететін VOLTREX маркалы мотор майларын өндіретін блендинг зауытының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорынды 2026 жылдың екінші тоқсанында іске қосу жоспарланған.

Жаңа өндірістік кешенде халықаралық API, SAE және ACEA стандарттарына сай өнімдер шығарылады. Өндіріс желісіне мотор, гидравликалық, трансформаторлық, турбиналық, индустриялық, компрессорлық және трансмиссиялық майлар кіреді. Барлық өнім VOLTREX брендімен нарыққа ұсынылады.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 25 млн АҚШ долларын құрайды. Инвестор — отандық Alageum Electric өнеркәсіптік тобы.

Аталған зауыттың іске қосылуы Қазақстанның мұнай-химия және машина жасау салаларын сапалы отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, Шымкент қаласының индустриялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба импортқа тәуелділікті азайтып, ішкі нарықтағы бәсекелестікті күшейтуге ықпал етпек.