Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мемлекетке тиесілі ақшаны қайтарыңыздар! Тоқаев бірнеше банкке ультиматум қойды...

60



Президент Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында банктерге мемлекеттен алған қаржылай көмекті қайтаруды талап етті.

2017-2020 жылдар аралығында Жусан банк, Еуразиялық банк, Халық банк, Нұр банк және БЦК секілді қаржы ұйымдары Ұлттық қордан 15 жыл мерзімге деп қомақты көмек алған.

“Кейбір банктер барлық шығынды өтеді, бірақ мемлекетке тиесілі қаражатты әлі де "ұстап" отыр. Оның үстіне, бұл ақшаны тәуекелсіз мемлекеттік құралдарға жоғары пайызбен салып, кепілді кіріс алып отырғанын айтсаңшы.

Мен Үкіметке және Ұлттық банкке тиісті шешім қабылдауды тапсырамын.



Банктер Үкіметтің не халықтың қас жауы емес. Бірақ әділ серіктестік болуға тиіс. Кезінде сіздерге көмек көрсетілді, енді сіздер де жауапкершілік таныту керексіздер”, – деді Тоқаев.

Сарапшылар қаржы секторында қайта есеп айырысу бюджет шығындарын азайтуда маңызды қадам болуы мүмкін деп есептейді. Жақын күндері Үкімет пен Ұлттық банк Тоқаевтың тапсырмасын іске асыруға кіріседі деп күтілуде.