Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Мемлекеттік аудит Nazarbayev University-де 73 миллиард теңгенің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады

29


Жоғары аудиторлық палата Nazarbayev University-ге тексеру жүргізіп, елеулі кемшіліктерді анықтады. ЖАП төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, университет бастапқыда балама қаржы көздерін тартуы тиіс болғанымен, қазіргі таңда 97%-ға бюджет қаржыландыруына тәуелді.

73 миллиард теңгенің тиімсіз пайдаланылуы және жарты миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Қаржылық есептілікті ашықтығы қамтамасыз етілмеген. 

Университеттің стратегиялық серіктестерінің басым бөлігі тауарлар мен қызметтерді конкурстық рәсімдерсіз жеткізген.

 Қаражаттың айтарлықтай жұмсалғандығына қарамастан ғылыми  зерттеу жұмыстарын коммерцияландырудың жеткіліксіздігі орын алған.

Аудиттің қорытындысы университетке және үкіметке жіберілді. Заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі әлі қаралуда.