Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Моңғолиядан сенсациялық археологиялық жаңалық табылды

202


Tengri Life MiddleAsianNews-ке сілтеме жасап хабарлағандай, Моңғолияның Баянхонгор аймағында археологтар сенсациялық жаңалық ашты.

Ғалымдар XIII ғасырда өмір сүрген мәртебелі адамның мумиясын тапты. Оның ерекше жақсы сақталуы моңғол ақсүйектерінің өмірі мен мәдениеті туралы тың мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Мумия тас қабірден табылған, бұл ол кезеңдегі жерлеу дәстүріне тән. Зерттеулер нәтижесінде оның 45-50 жас шамасындағы ер адам екені және бойының 180-188 см болғаны анықталды. Археологтарды таңғалдырғаны – дененің терісі, шашы, тырнақтары және тіпті саусақ іздері өте жақсы сақталған. Бұл мумия ғылыми зерттеулер жүргізіп, оның өмір салты мен тамақтану тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.

Мумияның киімдері оның жоғары әлеуметтік дәрежесін айғақтайды. Ол як терісінен тігілген, бай өрнектелген дәстүрлі моңғол "дэл" шапанын және XIII-XIV ғасыр ақсүйектеріне тән басқа да киім-кешектерді киген.

"Бұл – біздің зерттеулеріміздегі үлкен серпіліс. Бұл мумия белгілі бір адамның өмірін зерттеумен қатар, сол дәуірдегі моңғол көшпенділерінің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы жаңа мәліметтер алуға көмектеседі", – деді экспедиция жетекшісі, доктор Бат-Эрдэнэ Сухбаатар.

Тас қабірлер – моңғолдардың көне дәстүрлері туралы маңызды дереккөзі. Бұл жерлеу рәсімі ежелден бері қалыптасқан дүниетаныммен тығыз байланысты. "Хадан гэртээ харилаа" ("Үйіне – тасқа қайтты") деген тіркес моңғолдар үшін тас қабірдің тек жай ғана жерлеу орны емес, мәңгілік пен қайта жаңғырудың символы болғанын көрсетеді.