Polisia.kz хабарлағандай, Алматы облысының
полицейлері Талғар өңірінен келген балалардың емделуіне қаражат жинауға
көмектесемін деген желеумен Instagram желісінде парақша ашқан Шымкент қаласының
тұрғынын ұстады.
–
Алаяқ онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың фотосуреттерін пайдаланып,
жалған банк картасының деректемелерін жариялады. Қаражаттың қозғалысын
қадағалай келе, күдіктінің кім екенін анықтадық, ол Шымкент қаласының тұрғыны.
Қазіргі уақытта 32 миллион теңгеден астам соманы жеке мақсатына пайдаланған.