Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мыңдаған тонна қазақстандық картоп шекарада шіріп кетті

66


Қаңтардың ортасында Павлодар кәсіпкерлері Өзбекстанға ірі көлемде картоп жөнелткен, алайда жүк шекарада тоқтатылды, деп хабарлайды КТК.

Шекарада он күннен астам тұрды. Сарыағаш станциясында 43 вагон картоп он күннен астам тұрып қалды. Барлық құжаттар экспортқа тыйым салынғанға дейін рәсімделген. Жүк фитосанитарлық тексеруге жіберілді. Алайда тексеру барысында картоп қатып, кейін еріп, шіри бастады. «Әкімдік бізден бұл картопты 100–150 теңгеден сатуды сұрады, ал қазір ол 300 теңгеден кем емес. Не істерімді білмеймін. Барлық шығын менің мойнымда. Үш вагон үшін 60 миллион теңге жоғалттым», – дейді кәсіпкерлердің бірі.

Министрлік не дейді?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков жүк стандартты тексеруден өткенін айтты. Оның сөзінше, қазір картопты ешкім ұстап отырған жоқ, оны сатып алушыға жеткізуге болады.

Алайда кәсіпкерлер енді бүлінген өнімді сатып алушыға да, малға да бере алмай отыр.


📷 Фото: Envato Elements