Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

НДС салығын көтеру орта және шағын бизнестің жабылуына әкеледі дейді сарапшылар

64

Кеше Президенттің қатысуымен Үкімет отырысы өтті. Отырыста айтылған мәселелерге халықтың көңілі толмады. Оның ішінде НДС 20 пайызға көтеру туралы мәселе көптің талқысына түсіт. Жалпылай лағанда сарапшылардың айтуынша шағын және орта бизнеске НДС-ті көтеру дегеніміз елдегі орта бизнеспен айналысатындарды тұншықтыру дейді. Нәтижесінде көптеген кіші бизнес орныдары жабылып қалуы мүмкін. Ал бюджеттің қоржынын толтырып, тарифтерді ЕЭО елдерімен оның ішінде Ресеймен теңестіруді қарастырған Үкіметтің бұл әрекеті онсызда несиеге батып, жүйкесі жұқарған халыққа ауыр тимей ме? Ал қазақтың байлығын күні-түні тасымалдап миллиардтап пайда тауып жатқан ірі компаниялар мен олигархтарға салықты көтеру арқылы неге бюджетті толықтыруға  болмайды деген заңды сұрақ туады. Осыған байланысты фейсбук желісінде жариялаған шағын кәсіпкердің мына жазбасын жариялап отырмыз. "Осы НДС-ке шығып кетпеу үшін 1 ТОО мен 1 ИП ұстаймын. Осылай упрощенкада отырамыз. Маржа 5-7% шамасы. 1 жылда 7-8 миллион табыспен аяқтасаң қуанасың. Мемлекетке 2-3 миллион теңге салық төлеймін. Енді порогты 15 миллионға түсіріп, НДС-ті 20%-ға шығарса мен ТОО-ны да, ИП-ыны да жабамын. Мынадай шарттармен жұмыс істеу мүмкін емес. Бәрін банкрот қыла саламын. НДС 20% болса, біздегі маржа 10%-ға жетпейді. Жұрттың бәрі Нигматуллиндер сияқты Дубайдан 40 пәтер алып, жалға беріп 100% маржамен отырған жоқ.

Осындай жасқа келгенде біреуге кіріп жұмыс жасау да қиын. Таксист болайын десең оларды қинап тастады. Әрі таксидың ақысы арзан бізде. Астана мен Алматыда 3.5 мың теңге төлеген кезде, тура сондайды Куала Лумпурда 18 000 теңге төледік. Жалпы адамның қызметі бізде өте арзан ғой. Англияға кетіп құлпынай теріп болмаса қарға үркітіп жүрмесек болғаны.

Өткенде бір таныс осы НДС-ке шығып кетті. 74 миллион обороттан асып кеткен ғой. Енді оған 9 миллион қосымша НДС шықты. Оның табысы да онша болмауы мүмкін. Салық комитетіне шақырып 50% бізге берсең мынаны жауып жібереміз деген. Ойлашы кәсіпкер 1 жыл ит болып жұмыс жасап 9 миллион таппайды. Салық комитетінің қызметкері жылы кабинетте отырып, мемлекеттен айлық алып бонусқа кәсіпкерлерден пара алады. Осындай 40-50 адамды ұстаса болды. Сосын 300-400 мың айлық алатын мемлекеттік қызметкерлер 300-400 мың доллардың үйінде тұрады. 3-4 миллион доллары болады. Осыны көріп кім кәсіп жасағысы келеді. Дәл сол порогты 15 миллионға түсіріп, НДС-ты 20%-ға шығарса шағын және орта бизнестің кемінде 50%-ы жабылады".