Munarmedia.kz-25.11.2026ж/Астана/-Армения премьер-министрі Никол Пашинян бейбіт келісімге қол қойылып, Әзербайжанмен арадағы бейбіт күн тәртібінің негізгі мәселелері орындалғаннан кейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді.
19 қарашада Үкімет отырысында ол оппозицияны жаңа Конституция бойынша референдум өткізуге қолдау білдіруге шақырды.
Пашинянның айтуынша, егер халық жаңа Конституция жобасын қабылдамаса, ол отставкаға кетеді. Ал құжат мақұлданған жағдайда да келесі парламенттік сайлауда премьер-министрлікке қайта кандидатурасын ұсынбайтынын айтты.
#Армения #Пашинян #Саясат #Munarmedia





