Munarmedia.kz.09.10.2026 ASTANA-Ұядай ғана ауылдар ұялы байланысқа жарымай отыр. Байланыс операторлары халық саны аз екенін айтып, антена орнатуға құлықсыздық танытыпты, деп жазады Astana TV телеарнасы.
Телеарна жазып отырған сондай ауылдың бірі - Баянауылдағы Сұлужон ауылы. Елдімекенде 200-ден аса адам бар. Тұрғындар байланысқа шығу үшін тау- тас кезіп кетеді. Алайда, сигналды қуалап тауып алу қиямет қайым.
Баянауылдағы байланысы жоқ ауылдар мәселесінен өңірдің цифрлық технологиялар басқармасы хабардар. Осы мәселені шешу мақсатында тиісті жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.
Шөптікөл және Сұлужон ауылдарында 2027 жылы интернет қызметтерінде жоғары жылдамдыққа қол жеткізу мақсатында талшықты оптикалық байланыс желілерін салу жоспарланған. Ол жұмыс «Қол жетімді интернет» жалпы ұлттық республикалық бағдарлама бойынша 2027 жылы аяқталуға жоспарланған, дейді Облыстық цифрлы технологиялар басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Расул Жағыпаров.
Павлодар облысында 9 ауыл байланыс аясынан тыс қалған