Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Плюс 3,2 триллион теңге – минус 2,7 миллиард доллар. Ұлттық Қор парадоксы

66



Қаржы министрлігі 2024 жыл бойынша Ұлттық қордың кассалық есебін жариялады. 2024 жылдың басында Ұлттық Қорда 29,85 триллон теңгеге шақ активтер болған. Ол кездегі 454,56 бағамымен есептегенде, валютада сома 65,67 миллиард доллар болды. Бір жыл көлемінде Ұлттық Қорға 8,8 триллион теңге түсіп, бюджет қажеттілігі үшін 5,6 триллион теңге алынған. Сонда Ұлттық Қор теңгелей 3,2 триллион теңгеге толығып, 2025 жылдың басында кассада 33,06 триллион теңге жатты.

Алайда, биылғы жылдың басында доллардың ресми бағамы 525,11 болғанын ескерсек, доллармен Ұлттық Қор активтері 62,96 миллиардқа шығып тұр. Сонда біз теңгемен өскенімен, доллармен санағанда кері кетіп барамыз.


   

Және Қаржы министрлігі Ұлттық Қор шығыны есебіне бюджетті қаржыландыру үшін сатып алынған 467,4 миллиард теңгені қоспағандығын ескеру керек. Сонда жалпы алғанда Ұлттық Қордан бюджетке 6 триллион теңгедей қаржы алынғанын байқауға болады. Бұрын-соңды, тіпті пандемия кезінде мұндай қаржы жаратылмаған болатын.

Үкіметке Ұлттық Қор активтерін алдағы жылдары 100 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті қойылған. Оны орындау үшін трансферттерді азайтып, керісінше табысты көбейту керек.