Munarmedia.kz 17.03.2026 /Astana/ – Қазақстан мен АҚШ энергетика саласындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көмірді терең өңдеу мен көмір химиясын дамыту мәселелерін талқылады.
Ерлан Ақкенженов бастаған Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі делегациясы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді. Тараптар көмір саласын дамыту, соның ішінде көмірді терең өңдеу және көмір химиясы бағытындағы жобалардың перспективаларын жан-жақты қарастырды.
Кездесу барысында Chevron және ExxonMobil сияқты ірі америкалық корпорациялармен өзара тиімді ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл компаниялар Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларын жүзеге асырудағы негізгі серіктестердің бірі болып қала береді.
Сондай-ақ халықаралық және отандық компаниялардың қатысуымен аммиак, карбамид, синтетикалық газ және дизель отынын өндіруге бағытталған жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отырғаны атап өтілді.