2025 жылғы 9 маусымда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Ақордадағы кулуарлық кездесуде Қазақстанның Болгариядағы атом электр станциясына уран жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Журналистер бұған дейін Болгария АЭС-імен ынтымақтастық туралы айтылғанын еске салып, бұл жерде нақты уран жеткізу туралы сөз болып отыр ма деген сауал қойды.
"Болгарияда атом электр станциясы бар, екі блогы бар, жаңылыспасам, әрқайсысы 1,2 мегаватт шамасында. Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыты – біздің уранды Болгария АЭС-іне жеткізу," — деді Нұрлан Жақыпов.
Журналистер болашақ жеткізілімдердің көлемі туралы сұрағанда, ол бұл ақпараттың құпия екенін атап өтті.