Munarmedia.kz 30.12.2025 /Астана/ –Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту жөніндегі ауқымды жобаны жүзеге асырудың шешуші кезеңіне қадам басты.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің мәлімдеуінше, аталған жүйені толыққанды пайдалануға беру 2026 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.
Жобаның негізгі мақсаты – деректерді беру жылдамдығын айтарлықтай арттыру және сигналдың кідірісін барынша азайту. Бұл өз кезегінде Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы интернет-трафик транзитінде негізгі цифрлық көпір ретіндегі мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді.