Munarmedia.kz 07.03.2026 /Astana/ – Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Корея Республикасына жұмыс сапары аясында мемлекеттік органдар өкілдерімен және жетекші корейлік компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Келіссөздер бейбіт атом энергиясын пайдалану саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға және технологиялық әріптестікті дамытуға бағытталды.
Тараптар сондай-ақ мамандар даярлау мүмкіндіктерін, кәсіби тәжірибе алмасу және атом энергетикасы саласындағы құзыреттерді дамыту мәселелерін талқылады.
Толығырақ біздің Telegram арнамызда:
https://t.me/Munarmedia