Қазақстан
өз табиғи газын Қытайға стауға мүдделі. Қытайға газ сатуға Ресей мен
Түркіменстанда жантасуда. Ресейдің газынан Еуропа елдері бас тартқаннан кейін,
тұтыну нарығында қиындыққа душар болған Ресей Қытайға газын сатуды көздеп отыр.
Олар көп көлемде және арзан бағаға сатамыз деді. Өз газын Қытайға жеткізу үшін
Ресей Монғолия арқылы Қытайға газ құбырын тартуды жөн санап отыр. Осы мәселені
пысықтау үшін Ресей президенті В.Путин Монғолияға да барып қайтқан болатын. Ал
Қазақстан үшін ішкі нарықты ретке келтіру үшін газды Қытайға сатқан тиімді.
Себебі қантар оқиғасы газ бағасының өсуінен басталғанын білесіздер. Сондықтан
да халық арасында әлеуметтік шиеленіс тумас үшін газ бағасын төмендетіп ұстап
келеді. Ал одан түскен шығынды Қытай т.б елдерге әлемдік нарықтағы бағамен сату
арқылы орнын толтырмақшы. Қытай төрағасының біздің елге деген жылы қабағын
пайдалана отырып, Қазақстаннан өндірілетін газдың көп көлемде сатып алып
отырғаны біздің тұралап қалуы мүмкін экономикамыз үшін қажет болып тұр.