Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстан Ресей мұражайларында сақталған ел тарихына қатысты барлық артефактілердің көшірмелерін алады

66


Бұл келісімге екі елдің мәдениет министрлері – Аида Балаева мен Ольга Любимова қол жеткізді.

«Тараптардың заңнамасына сәйкес, мұражай қорына енген тарихи артефактілер мен мұрағаттық құжаттар қайтаруға жатпайтындықтан, олардың дәл көшірмелерін жасау туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады ҚР Мәдениет министрлігі.

Мұндай артефактілердің басым бөлігі Санкт-Петербургтегі Эрмитажда, сондай-ақ Омбы, Астрахань және Орынбор мұражайлары мен мұрағаттарында сақтаулы. Қазақстанның тарихи отанынан тыс жерлерде орналасқан экспонаттардың толық тізімін анықтау үшін Ұлттық музей жанынан жұмыс тобы құрылды.

Қазірдің өзінде алынған көшірмелердің қатарында 1824 жылы Ресей императоры І Александрдың жарлығымен Жәңгір сұлтанға хан мәртебесін беру туралы құжат бар.