Көршілес Өзбекстан TEMU платформасына толық тиым салғаннан кейін, Астанадағы фискалды билік осы маркетплейстің жұмысын жіті қадағаламақ. Дереккөз сөзінше, қытайлық TEMU қаншалықты толық көлемде әділ салық төлеп отырғаны камералды бақылау арқылы тексерілетін болады.
Қазақстандағы салық реестрінде Temu, Pinduoduo және Alibaba сияқты 101 шетелдік онлайн-сауда платформасы тіркелген. Тіркелген уақытынан бері осы шетелдік платформалар бюджетке 75 миллиард теңге көлемінде қосымша құн салығын төледі. TEMU бұл тізімге 2024 жылы ілінген болатын. Былтыр платформаның қанша салық төлегені туралы әлі ақпарат жоқ.
Қазақстан мен Өзбекстанның салық-кедендік саясатында үлкен айырмашылықтар бар. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың ережесі аясында жұмыс істейді. Егер жеке тұлға ЕАЭО аумағына Қытайдан немесе басқа елден тауарға заказ берсе, ол тауар құны 200 еуродан асса, немесе салмағы 31 келіден артық болса, тауар құнының 15%-ы мөлшерінде кедендік баж төлеуге міндетті.
Жалпы камералды бақылау тек шетелдік платформалар емес, түрлі режимдерді қолданатын еліміздегі ірі құрылыс компанияларына да күшейтілді. Биыл салық жоспары артығымен орындалады деп күтілуде.
Алайда, басты мәселе жиналған қаржының тиімді жұмсалуында болуы тиіс.
https://t.me/dalainside