Қазақстан уран өндірісіндегі үлесті күшейтпек: «Қазатомөнеркәсіптің» жаңа жобалардағы міндетті үлесі 75%-ға дейін өседі

9

Munarmedia.kz 05.12.2025 /Астана/ Қазақстан үкіметі уран саласындағы ұлттық мүддені күшейтуге бағытталған маңызды бастама көтерді. Агенттік төрағасының орынбасары Асет Махамбетовтің айтуынша, жаңа уран жобаларында «Қазатомөнеркәсіптің» (Қазатомпром) міндетті үлесін қазіргі 50%-дан 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Ұсынылып отырған өзгерістер тек жаңа жобаларға қатысты. Қолданыстағы кәсіпорындар үшін үлес құрылымы сол күйінде қалады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 23 мың тоннадан астам уран өндірілген, оның 55%-дан астамы Қазатомпромға тиесілі.

Бүгінде уран өндірісінде 14 кәсіпорын жұмыс істейді:

  • 2 кәсіпорын 100% Қазатомпром иелігінде,

  • 12 кәсіпорын – шетелдік серіктестері бар бірлескен жобалар.

Шетелдік серіктестер қатарында:
🇯🇵 Жапония
🇨🇳 Қытай
🇫🇷 Франция
🇷🇺 Ресей

Үкіметтің ойынша, жаңа талаптар:

  • стратегиялық шикізатқа ұлттық бақылауды күшейтеді;

  • экспорттық табысты ел ішінде көбейтуге мүмкіндік береді;

  • саланың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттырады.