Қазақстанда 2025 жылғы 11 мамырдан бастап бензинге, дизельге және экологиялық отын түрлеріне жаңа акциздік мөлшерлемелер күшіне енеді. Бұл туралы «Орда» порталы хабарлады.
Үкіметтің 2024 жылғы 28 сәуірдегі қаулысына сәйкес акциздік төлемдер төмендегідей белгіленді:
🔹 Өндірушілер мен импорттаушылар үшін (көтерме саудада):
-
Бензин, бензанол, газохол, нефрас, экологиялық отын — тоннасына 38 134 теңге
-
Дизель отыны — тоннасына 35 726 теңге
🔹 Өндірушілердің бөлшек саудасында:
-
Бензин және жоғарыда аталған отын түрлері — тоннасына 38 634 теңге
-
Дизель отыны — тоннасына 35 786 теңге
🔹 Жеке және заңды тұлғалардың бөлшек саудасы және өндірістік мұқтаждықтар үшін пайдалану кезінде:
-
Бензин және экологиялық отын түрлері — тоннасына 500 теңге
-
Дизель отыны — тоннасына 60 теңге
Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі жанармай бағасын 80%-ға дейін акцизбен салық салу туралы ұсыныс енгізген болатын. Экономиканы ырықтандыру аясында қарастырылған бұл бастама бағаның күрт қымбаттауына әкелуі мүмкін еді. Экономист Арман Бейсембаев бұл шешімнің нәтижесі бағалық шок болатынын ескерткен.
Осыған байланысты жанармай нарығының қатысушылары альтернативті ұсыныстармен шықты, ал Үкімет қоғамдық реакцияны ескере отырып, бастапқы ұсыныстан бас тартты.
Фото: ашық дереккөздерден