Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанда байларға салынатын салық қалай жұмыс істейді?

45


Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин Қазақстанда жеке «байлық салығы» енгізілмейтінін, бірақ белгілі бір мүлік пен тауарларға салық мөлшерлемелері өсетінін мәлімдеді.

Алкоголь мен темекіге акциз өседі.
Мәселен, қазіргі таңда бес миллион теңге тұратын коньяк бөтелкесіне бар болғаны 470 теңге акциз салынады. Жаңа өзгерістерден кейін бұл сомаға қосымша 10% салық қосылады.

Қымбат көліктерге де қосымша салық салынады.
Егер импортталатын автокөліктің бағасы 100 мың доллардан жоғары болса, оның кедендік құнына 10% акциз қосылады. Ал екінші және одан кейінгі көліктерге салық мөлшерлемесі одан да жоғары болады.

Жылжымайтын мүлікке салық қалай өзгереді?
Вице-министрдің айтуынша, егер бір адамда үш немесе одан да көп пәтер болса, салық олардың жалпы құнына қарай есептеледі.

Мысалы:
Егер азаматтың бес пәтері болса, әрқайсысы 25 миллион теңге тұрады, қазіргі заңнама бойынша әр пәтерден 0,1% ставкамен жеке есептеледі. Ал жаңа ережеге сәйкес, олардың жалпы құны 125 миллион теңге ретінде есептеліп, салық мөлшерлемесі 1% шамасында болады. Бұл салықтың 10 есе артуына әкеледі.

Мүлікті туыстарға тіркеу – салықтан жалтару емес.
Азаматтар салықты болдырмау үшін мүліктерін туыстарына рәсімдесе де, бұл заң бұзушылық болып саналмайды, себебі салық әр мүлікке жеке есептеледі.

Барлық өзгерістер жаңартылған Салық кодексіне енгізілетін болады.