2025 жылы Қазақстанда барлық банктердің қосылуымен цифрлық теңге толық енгізіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер бірыңғай QR және телефон нөмірі бойынша аударымдар жүйесіне қосылуда.
Цифрлық теңге платформасы қазіргі кезде Ұлттық төлем корпорациясы негізінде Ұлттық банкте дайын тұр. Алдағы уақытта қаржы нарығының қатысушыларын қосу және цифрлық теңгенің функционалдығын кеңейту бойынша ауқымды кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасының кеңесшісі Бинұр Жаленов мәлімдеді.