Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанда коллекторларға жаңа талаптар енгізіледі

орда.кз
59


Жеке тұлғалардың берешегін өндіріп алу тәртібін реттейтін қаулы қабылданды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) баспасөз қызметі хабарлады.

Енді қазақстандық коллекторлық агенттіктер міндетті түрде:

▪️ борышкерлердің өтініштерін тіркеуге;

▪️ әр өтініш бойынша қабылданған шараларды есепке алуға;

▪️ қарызды өтеу шарттарын өзгертуден бас тартқан жағдайда, себебін түсіндіруге;

▪️ борышкерлерге қарызды реттеу үшін агенттікке жүгіну құқығы туралы дұрыс әрі толық ақпарат беруге міндетті болады.

Қаулы коллекторлардың атқарушылық іс жүргізу аясында қандай шараларды жүзеге асыра алатынын нақтылайды. Сонымен қатар, коллекторлық агенттіктер бұдан былай өз қызметі туралы мәліметтерді ведомствоға өздері тапсыруы қажет болмайды – бұл процесс автоматтандырылады.

«Бұл өзгерістер коллекторлық агенттіктердің жұмыс тиімділігін арттыруға, борышкерлердің құқықтарын қорғауға және нарық қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған», – деп атап өтті агенттік.


Құжат ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін күшіне енеді.


Еске сала кетейік, биыл маусым айында коллекторларға жылыту маусымы кезінде балалы отбасыларды үйлерінен шығаруға тыйым салынған еді.