Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстанда несие қымбаттап, депозит мөлшерлемесі төмендеуде...

40



Қазақстанда депозиттер бойынша мөлшерлеме төмендеуде деп жазады Ұлттық банкінің мәліметіне сүйенген DALA FINANCE.

Қыркүйек айында банктердің теңгелік депозиттерге орташа салмақталған мөлшерлемесі 13,4%-ға дейін түскен. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың желтоқсанынан бері ең төменгі деңгейде болғанымен, тамызбен салыстырғанда 0,1 пайыздық пунктке ғана азайды.

Ең жоғары сыйақы 1 немесе 3 айлық мерзімге салынған депозиттерде байқалуда — олардың мөлшерлемесі 15,4% (тамызда бұл көрсеткіш 15,6% болған).



Заңды тұлғаларға арналған депозиттер бойынша мөлшерлеме, керісінше, сәл жоғарылап, 13,2%-ды құрады (+0,1 пайыздық пункт).

Несие нарығындағы жағдай қандай?

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған банктердің орташа салмақталған мөлшерлемесі 21,6%-ға жетті, бұл тамыздағы 20,2%-дан жоғары (теңгелік несиелер бойынша). Сонымен қатар, қысқа мерзімді несиелер (1 айға дейін, 1-3 ай, 3 айдан 1 жылға дейін) бойынша мөлшерлемелер төмендеді, бірақ 1 жылдан 5 жылға дейінгі және 5 жылдан жоғары мерзімге арналған несиелер бойынша мөлшерлемелер керісінше өсті.

Ең қолайлы жағдай 3 айдан 1 жылға дейінгі несиелерде тіркелді – 19,3% (-0,7 пайыздық пунктке төмендеген).

Заңды тұлғаларға арналған несиелердің мөлшерлемесі тамыздағы деңгейде сақталып, 17,6%-ды құрады. Ең төменгі мөлшерлемелер 1-3 айға арналған несиелерде байқалады — 16,9% (-1,3 пайыздық пунктке төмендеген).