Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.
«Қазір үш халықаралық қаржы тобы Қазақстанда банк ашу туралы шешім қабылдады. Маусым айында Оңтүстік Кореяның BNK Financial Grou дейтін қаржылық тобымен жұмыс істедік. Оның активтері шамамен 135 млрд доллар болады. Олар Қазақстанда үш жыл бұрын шағын несие орталығын ашқан. Жақында Қатар мемлекетінің банкі «Бәйтеректен» Bereke банкті сатып алды. Qatar Investment Authority деген үлкен холдинг бар. Соның құрамындағы банк біздің банк секторына кірмекші. Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржы нарығын реттеушілерімен кездесіп, банк өкілдеріме жолықты. Ол елде ADCB Bank деген бар. Актив көлемі бойынша әмірліктердегі үшінші ірі банк болып есептеледі. Қазір Қазақстанда исламдық қаржы операцияларын жасайтын банк бар», – деді ол.