Ұлттық банк деректеріне сәйкес, 2024 жылдың желтоқсанында қазақстандықтардың алдағы 12 айдағы инфляциялық күтулері 14,1%-дан 14,6%-ға өсті. Бұл айырбас бағамының ауытқуы мен жылдық инфляцияның жеделдеуімен байланысты.
Бағалар өсімі бойынша негізгі өзгерістер:
Азық-түлік: Жеміс-жидек, көкөніс, ет, ірімшік және шұжық өнімдері айтарлықтай қымбаттаған.
Азық-түлік емес тауарлар: Дәрі-дәрмек, тұрмыстық химия, киім-кешек пен аяқ киім бағасы өскен.
Қызметтер: Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, интернет пен медициналық қызметтердің құны артқан.
Болжамдар:
48,2% респондент бағаның біршама өсуін күтсе,
32,8% азаматтар бағалардың едәуір қымбаттайтынын болжайды.
16,8% тұрғындар бағаның жыл ішінде 20%-дан астам өсетінін болжап отыр.
📸 Сурет: ҚР Ұлттық банкі