Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстандағы инфляция қарқын алуда

52

Картоп пен коммуналдық қызмет бағасы қалтаға салмақ салды

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКШ) басқа қызметтерге қарағанда жылдам қымбаттап, картоп, пияз және қырыққабат бағасы рекордтық деңгейге жетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың ақпан айында жылдық инфляция 9,4%-ға жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 8,9% болған.

Ай ішінде тұтыну бағаларының индексі 1,5%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,7%-ға, ал азық-түлік өнімдері 6,5%-ға қымбаттады.

Шығындар құрылымында ең көп өскен коммуналдық қызмет тарифтері болды:

  • Суық су бір жылда 70,7% қымбаттады,
  • Электр энергиясы – 21%,
  • Жылу – 18,2%,
  • Газ – 13,2%.

Көлік саласында да баға айтарлықтай көтерілді:

  • Теміржол билеттері 20%,
  • Әуе билеттері 12,5%,
  • Қалалық көлік қызметтері 10,5% қымбаттады.

Сондай-ақ байланыс, медицина қызметтері мен баспана жалдау құны өсті.

Азық-түлік өнімдері арасында картоп, пияз және қырыққабат бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады. Сонымен қатар кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар, алкоголь және темекі өнімдері де айтарлықтай қымбаттаған. Ал қарақұмық, сәбіз, күріш пен жұмыртқа бағасы төмендеді.

Еліміздің кейбір өңірлерінде инфляция орташа республикалық деңгейден жоғары тіркелді:

  • Астана – 12,7%,
  • Ақмола облысы – 10,7%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 10,5%.