Munarmedia.kz 07.03.2026 /Astana/ – Қазақстанда кәсіпорындардың төленбеген салықтарының жалпы көлемі 1 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде шағын және микробизнес субъектілерінің қарызы 273 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Қайсар Арын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде мәлімдеді.
Оның айтуынша, шағын компаниялардың берешек құрылымында негізгі қарыз 176 миллиард теңгені құрайды. Бұдан бөлек, 90 миллиард теңге көлемінде өсімпұл және шамамен 7 миллиард теңге айыппұл есептелген.
Сонымен қатар кәсіпкерлер үшін қаржылық жеңілдік қарастырылған. Егер негізгі қарыз осы жылдың бірінші тоқсаны аяқталғанға дейін толық өтелсе, мемлекет барлық есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды жояды.
Қарызы бар кәсіпорындардың тізімімен салық қызметінің ресми порталынан танысуға болады.
Толығырақ біздің Telegram арнамызда:
https://t.me/Munarmedia