Елде желтоқсанның басында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылданды. Құжатта елдің табысы мен шығындары көрсетілген.
2025 жылы ел бюджетіне ақша аударып, донор атанған қалалар келесі:
Алматы – 251,5 миллиард теңге;
Атырау облысы – 178,1 миллиард теңге;
Астана – 74,5 миллиард теңге.
Бұл қалалар мен облыстан бюджетке жалпы 504,1 миллиард теңге аударылмақ.
Ал елдегі республикалық маңызы бар қалалардың бюджеті келесідей болмақ:
Алматы қаласы – 2,2 триллион теңге;
Астана қаласы – 925 миллиард теңге;
Шымкент қаласы – 806 миллиард теңге.
Ал Қазақстанның басқа аймақтары бюджеттен қаржылай көмек, яғни субвенция алады. Облыстарға берілетін қаржылай көмекті кестеден көре аласыз!
Қазақстанды асырап отырған қай қалалар
