Жақында кәсіпкер Тұрсенғали Алағұзов өзінің қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлап, қазақ интернетін тәнті етті. Осы орайда, еліміздің тағы қандай кәсіпкерлері отандастарына жылжымайтын мүлік тарту еткенін еске түсірейік.
⚡️
Астанада 500 пәтер
Өткен аптада Бұлат Өтемұратов қоры Астана әкімдігіне 10,5 миллиард теңгеге 500 пәтер тапсырды. Жаңа баспананы дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар және басқа да бюджет саласының қызметкерлері сияқты қолдауды қажет ететін қазақстандықтар алды.
Пәтерлер «комфорт» санатына жатады және астананың заманауи тұрғын үйлерінде орналасқан. Үйлер жылдам лифттермен, бет-әлпетті тану жүйесімен, жер асты автотұрақтарымен және кең ауламен жабдықталған.
⚡️
Қайырымдылықтағы рекорд
2024 жылы Тимур Құлыбаев жеке «Халық» қайырымдылық қоры арқылы ауқымды жоба бастады, ол бұрын-соңды болмаған деңгейде. Бір жыл ішінде 1400 үй тегін тұрғызылып, шамамен 10 мың қазақстандықтың өз баспанасына ие болуына мүмкіндік тудырды.
Айта кетейік, бұған дейін Ulysmedia редакциясы Қазақстандағы қайырымдылықтың қалай ұйымдастырылғаны туралы жазған болатын.