Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанның екі өңірінде шағын теміржол вокзалдары жаңғыртылады

45


Транзиттік жолаушыларға қызмет көрсететін шағын теміржол вокзалдары Ақмола және Павлодар облыстарында жаңғыртылмақ. Бұл жөнінде Көлік министрлігі хабарлады.

Мұндай вокзалдардың өткізу мүмкіндігі сағатына 20-дан 200 адамға дейін. Министрлік мәліметінше, жаңғырту жұмыстары Ақмола облысындағы 16 және Павлодар облысындағы 5 вокзалға жүргізіледі. Қазірдің өзінде Шидерті, Ақсу, Қалқаман, Қарасора және Ерейментау вокзалдарында жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

– Шағын теміржол вокзалдарын қайта жаңғыртамыз. Олар жолаушылар үшін де, вокзал қызметкерлері үшін де әлдеқайда қолайлы болады. Мердігер ұйымдар ескі бөліктерді ішінара бұзып, жаңа қаңқасын құрады, әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ инженерлік желілер толығымен ауыстырылады, – деді көлік министрі Марат Қарабаев.

Вокзал қызметкерлері үшін арнайы демалыс бөлмелері де қарастырылмақ.