Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31 триллион теңгеге жетті — бюджеттің жартысына жуығы соны өтеуге жұмсалуда

25

Munarmedia.kz.01.07.2025 /Астана/-Соңғы бір жылдың ішінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 17 пайызға өсіп, 31 триллион теңгеден асты. Бұдан да күрделі мәселе — республикалық бюджеттің 42 пайызы, яғни 5,6 триллион теңгеден астам қаржы тек осы қарызды өтеуге жұмсалып отыр.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев жағдайды аса қауіпті деп санамайды. Оның айтуынша, бұл – «басқаруға болатын» деңгей. Алайда депутаттар бұл пікірмен келіспейді. Олар Үкіметтен бюджеттік шығындарды қысқартуды және нақты қарыз басқару стратегиясын шұғыл әзірлеуді талап етуде. Себебі, қазірдің өзінде экономиканың тұрақтылығына қауіп төніп тұр.

Салыстыру үшін: Қазақстанның сыртқы қарызы бүгінде 165,6 миллиард АҚШ долларына жуық, бұл шамамен 86 триллион теңгеге тең. Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы тәуелсіздігін алған сәтте еліміздің мүлдем қарызы болмаған.