Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақтар банктен алған кредитін қайтара алмай жатыр...

54


Қазақтардың банктер алдындағы қарызы қазір өте алаңдатарлық деңгейге жетті. Әсіресе, бөліп төлеу (рассрочка) қызметін белсенді түрде ұсынатын Kaspi Bank-те жағдай ерекше назар аудартады.

Жаңа деректер бойынша, қазақтардың Kaspi Bank-ке 90 күннен астам мерзімде қайтарылмаған қарызы 304,7 миллиард теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш еліміздегі банктер арасында ең жоғары болып тұр.

Kaspi Bank-тің проблемалық қарыз портфелі (NPL 90+) өткен бір жылда 41%-ға өскен. Ал 2022 жылдың қарашасына дейін бұл салада көшбасшы болып Halyk Bank тұрды, бірақ қазіргі таңда бұл орын Kaspi Bank-ке көшкен. Halyk Bank-тің уақытында төленбеген қарыздары 299,5 миллиард теңгеге жетіп отыр.

Проблемалық несиелер көлемі бойынша үшінші орында Еуразиялық банк орналасқан. Бұл банктің 90 күннен асқан мерзімі өткен қарыздары 119,5 миллиард теңгені құрайды, ал Bereke Bank-те кешіктірілген несие көлемі 88,4 миллиард теңге.

Банк секторының тұрақтылығы мен қазақтардың борыш жүктемесі қалыпты деңгейде деген пікірлер әлемжеліде жиі айтылып жатады. Алайда, статистика басқа көріністі көрсетіп отыр.

Бұл жағдайға кім кінәлі? Кредит беруді қатаңдату керек пе?