Ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» басқармасы мен директорлар кеңесінің мүшелері 2024 жылы жалпы сомасы 705 миллион теңгеден астам сыйақы алған. Бұл туралы компанияның ресми қаржылық есебінде жарияланды.
Есепке сәйкес, директорлар кеңесі 2024 жылы 207,2 млн теңге табыс тапқан. Салыстырмалы түрде айтқанда, 2023 жылы бұл сома 97,2 млн теңге және 196,3 мың АҚШ доллары болған. Биылғы жылы шетел валютасында төлем жүргізілмеген.
ҚМГ директорлар кеңесіне мыналар кіреді:
-
Ернат Бердіғұлов,
-
Ұзақбай Қарабалин,
-
Елжас Отыншиев (бәрі «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері),
-
Асхат Хасенов,
-
Асқар Шәкіров,
-
Сая Мыншарипова,
-
Арман Арғынғазин,
-
Арманбай Жүбаев,
-
Ұлыбритания азаматы Филип Малкольм Холланд.
Ал «ҚазМұнайГаз» басқарма мүшелері 2024 жылы 497 млн 815 мың теңге алған. Бұл сома жалақы, бонустар, салықтар мен зейнетақы аударымдарын қоса қамтиды. Басқарма төрағасы — Асхат Хасенов. Ұлттық компанияның басқармасында барлығы сегіз адам бар.
Салыстырып қарағанда, 2023 жылмен салыстырғанда басқарма мүшелерінің сыйақысы 28%-ға өскен. Директорлар кеңесінің төлемдері 10,9%-ға артқан (2023 жылғы орташа доллар бағамы — 456,31 теңге).
Шамамен есептесек:
-
әрбір директор айына 1,9 млн теңгеден артық,
-
әрбір басқарма мүшесі айына 5,1 млн теңгеден жоғары табыс тапқан.
Аталған сандар нақты емес, бірақ КМГ топ-менеджерлерінің жалақысы жайлы жалпы түсінік береді.
Бұған дейін Қазақстанда ең жоғары жалақы алатындар туралы талдаушылар шолу жасаған болатын.
Фото: «ҚазМұнайГаз»