Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Құлыбаевтардың құнды активі мемлекет меншігіне қайтарылды

60



Қазақстанның Бас прокуратурасы Ақтау портындағы Асқар Құлыбаевқа тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылғанын хабарлады. Аумағы 134 гектар болатын учаскенің құны 66 миллион доллар деп бағаланып отыр.

«2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаевтың компаниясының меншігіне өткендігі анықталды. 2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талабы қанағаттандырылып, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды», - деп хабарлады құзырлы орган.

Fragment-ке жеткен мәлімет бойынша Алматы прокуратурасы Құлыбаевтарға шетелдік инвестордың мүлкін заңсыз иемдену салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы талап қойған. Алайда ресми хабарламада зардап шеккен компанияның аты аталмайды.

87 жасар Аскар Құлыбаев заманында Атырау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы және Қазақстанның құрылыс министрі қызметін атқарған. Ол экс-елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы және Қазақстанның ең ауқатты адамы Тимур Құлыбаевтың әкесі.

Ескі Қазақстан келмеске кетсе де, Тимур мен оның зайыбы Динара Құлыбаева елдегі ең дәулетті адамдардың көшін бастап тұр. Шетелдік барлау қызметтері "Назарбаев әулетінің жалпы байлығы шамамен 10 миллиард доллардан асып жығылады" дейді.



Fragment-ке жеткен тағы бір мәлімет бойынша Жаңа Қазақстан Құлыбаевты Құлсарыдағы тасқын судан зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге мәжбүрлеген. "Невыездной" деген статусы бар ерке күйеубаланың Тоқаевтың талабына бағынудан өзге амалы жоқ.